Қазақстан мен Нидерланд тұқым өсіру саласында ынтымақты күшейтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Нидерланд тұқым өсіру саласында ынтымақты күшейтеді

14.06.2024

Нидерланд пен Қазақстан тұқым өсіру саласында өзара тәжірибе алмасып, ынтымақты күшейтпек. Еліміздің Парламент депутаттары мен ауыл шаруашылығы мамандарының Нидерландқа сапары кезінде осындай уағдаластыққа қол жеткізілді. Қазақстандық делегация Greentech Amsterdam көрмесіне қатысып, Нидерландтың ауыл шаруашылығы министрлігінің Бас хатшысымен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы саласына тың технология енгізу және 2025 жылы Қазақстанда «Қызғалдақ күнін» өткізу мәселесін талқылады. Депутаттар UPOV Халықаралық өсімдіктердің жаңа түрлерін қорғау Одағына Қазақстан мүше болу үшін қай заңға өзгеріс енгізу қажеттігін пысықтады. Сондай-ақ, қазақстандық делегация өкілдері Нидерландтың гүл өсіріп, тұқым сұрыптаумен айналысатын жылыжайларының тәжірибесімен танысты.

Аманжол Әлтаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

500-ден астам гүл тұқымы өсіріледі екен. Осы шаруашылықта аспаннан жауған жаңбыр суын пайдалана отырып, шаруашылықты дамытып отыр. Әр нәрсенің үнемін білу, әр нәрсеге дұрыс қадам жасай білу, бұл біз үйренетіндей жақсы көрініс.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу