Экологиялық тәрбие де тал бесіктен басталуы керек – эколог - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Экологиялық тәрбие де тал бесіктен басталуы керек – эколог

15.06.2024

Еліміздегі экологиялық мәдениетті арттыру үшін бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлу керек. Ата-ана балаға суды, энергияны үнемдеу сияқты қарапайым қағидаттардың маңызын түсіндіруі қажет. Мектеп бағдарламасын да жетілдіру керек. Өйткені биология немесе жаратылыстану сияқты пәндерде жалпылама ақпарат қана беріледі. Ал экология тақырыбын өзге пәндердің аясында да көтеріп, қосымша мағлұматтарды енгізуге болады. Мәселен, математика есептерінде тұрмыста қолданатын құрылғыларды қанша қуат тұтынып, оның қоршаған ортаға зияны қандай дегенді түсіндіруге болады, дейді эколог Гүлжан Тұрсынова.

Гүлжан Тұрсынова, эколог:

Тіпті қолда ұстайтын телефон, планшеттердің өзін қуаттаған кезде электр энергиясын қолданады. Ол электр энергиясы қайдан келеді? Ол электр энергиясын өндірген кезде қанша көмір жағылады? Қанша зиянды зат ауаға ұшады? Сол туралы ақпараттарды мектептерде бере отырып, балалардың бойына сіңіре отырып, мәдениетті қалыптастыруға болады.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу