Тасөткел су қоймасын жаңғырту жұмыстары тамызда аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тасөткел су қоймасын жаңғырту жұмыстары тамызда аяқталады

14.06.2024

Жамбыл облысындағы Тасөткел су қоймасын жаңғырту жұмыстары тамызда аяқталады. Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектенов қоймадағы су үнемдеу технологиясын көрді. Елдегі бөгеттер мен су қоймаларының тозығы жеткен. Сол себепті биыл Президент елдімекендерге төнген қауіпті сейілту үшін 20 су қоймасын салып, 15-ін жөндеуді тапсырды. Қазір Тасөткелде ұңғымаларды тазарту, өлшеу құрылғыларын орнату жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ Премьер-министр су үнемдеу технологиясын енгізіп жатқан шаруа қожалығына барды. Суармалы алқаптарды ұлғайтуды, қант қызылшасын өңдеуді арттыру қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ Үкімет басшысы химия, жеңіл өнеркәсіп, тау-кен саласы компанияларының жұмысымен танысты.


Хабарламаларға жазылу