Бүгін «EURO 2024» басталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «EURO 2024» басталады

14.06.2024

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Бір ай бойы Кәрі құрлықтың ең мықты 24 құрамасы Еурокубок үшін таласады. Топтық кезеңдегі тартысты ойын «Б» тобындағы бәсекелес командалар арасында болады деген болжам бар. Себебі Испания, Италия, Хорватия ойыншылары өте тәжірибелі. Албанияның аладоп шеберлері де осал емес. Ал Грузия құрамасы футболдан Еуропа біріншілігіне алғаш рет қатысқалы жатыр. 17-ші Еурокубок «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Қаракөз Тұрмағанбет


Хабарламаларға жазылу