Таразда көлік терең шұңқырға түсіп кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таразда көлік терең шұңқырға түсіп кетті

17.06.2024

Таразда қаланың қақ ортасында жеңіл көлік терең шұңқырға түсіп кетті. Көлік ішінде жүргізуші, оның әйелі және кәмілетке толмаған екі баласы болған. Жергілікті полицияның хабарлауынша жүргізуші жүруге тыйым салынған белгіні елемей жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жол учаскесіне кіріп кеткен. Қазіргі уақытта жол жөндеп жатқан мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғалды, ал көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 

Сондай-ақ Астананың ортасында көлік суға батып кетті. Полиция департаментінің мәліметінше иесі оны қашықтықтан оталдырып, көлік жүріп кеткен. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. 

Хабарламаларға жазылу