Құрбан айт мерекесіне орай Президент атына құттықтау хаттары келіп түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрбан айт мерекесіне орай Президент атына құттықтау хаттары келіп түсті

17.06.2024

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Құрбан айт мерекесіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп түсті. Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев екі ел басшыларының саяси ерік-жігері мен ортақ іс-әрекетінің арқасында халықтарымыз арасындағы ынтымақ пен тату көршілік қатынастар, стратегиялық серіктестік пен одақтастық деңгейіне көтерілгенін атап өткен. Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, адамзатты мейірімділікке үндейтін қасиетті күнде достас Қазақстан халқының барлық арман-ниеті орындалуына тілектестік білдірді. Біздің елдеріміз арасында қалыптасқан тығыз әрі достық қарым-қатынас, бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін алдағы уақытта да нығая түсетініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта. Ал, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон: – Бауырлас халықтарымызды ортақ мәдени-рухани құндылықтардан, соның ішінде бүкіл мұсылман үмбеті үшін қасиетті саналатын Құрбан айт мерекесінен бастау алатын берік достық қатынастар мен өзара тілеулестік біріктіреді, – деп жазған.

Ауызша: Сонымен қатар, Құрбан айт мейрамына орай ізгі тілектерін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, Біріккен Араб Әмірлігі, Мысыр, Иордания, Марокко, Кувейт, Оман, Бахрейн, Палестина елдерінің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері жолдаған.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу