Елімізде алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа ота жасалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде алғаш рет ана құрсағындағы ұрыққа ота жасалды

17.06.2024

Елімізде алғаш рет ана құрсағындағы сәбилерге жасалған ота сәтті өтті. Операцияны Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері, Ресейдің жетекші мамандарының бақылауымен бірлесіп жасады. Іштегі баланың денсаулығына қандай да, қауіп төніп тұрғанын жүкті келіншектер көбіне екінші скринингтен кейін біліп жатады. Мәселен, егіз не үшемдерге баланың жолдасы арқылы берілетін қоректік заттар, қажетті мөлшерде жетпей жатқанын анықтауға болады. Дәл осы кезде, феталдық хирургияның көмегі аса қажет,- дейді дәрігерлер. Отандық мамандар бір жыл бойы Израиль, Испания, Ресей, Беларусь еліне барып тәжірибе жинақтап келді.

Әнел Өркенова, Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының феталдық хирургы:

Феталдық хирургия көбінесе көпұрықтық жүктілік кезінде, көпұрықты жүктіліктің асқынулары кезінде, бүйректе гидронефроз кезінде жасалынады және суы аз немесе суы көп болған кезде қолданылатын әдістер. Қазіргі уақытта үш әйелге жасалды біздің орталықта, олар біздің орталықта жатыр, жағдайлары жақсы.

Феталдық медицина, яғни , ұрық хирургиясы ұрықтың ерте патологиялық жағдайларын түзетуге және емдеуге мүмкіндік беретін инновациялық технологияларға негізделген. Биылдан бастап елімізде жыл сайын құрсақішілік ақауларды түзету бойынша 100-ден аса операция жасалынады деп жоспарланып отыр.

Шакизат Халықова, ҚР ДСМ Аналар денсаулығын қорғау басқармасының басшысы:

Екі орталықты бекіттік. Себебі еліміздің түкпір-түпкірінде өте сирек кездесетін потологиялық ауру. Оны барлық өңірден ашудың қажеттілігі жоқ. Бүгінгі таңда Астана қаласындағы ана мен бала орталығы мен Алматыдағы балалар кардиохирургиялық орталығы. Сол екі орталықтың мамандары оқытылды. Кез-келген адам оны жасай алмайды.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу