Израиль әскері тактикалық үзіліс жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері тактикалық үзіліс жасады

17.06.2024

Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі операциясында «тактикалық үзіліс» жариялады. Бұл шара 8 айдан бері атыс-жарылыстан көз ашпаған Газа секторы тұрғындарына, гуманитарлық көмек жеткізу үшін қажет. Рафах аумағында күн сайын сағат таңғы 8-ден бастап кешкі 7-ге дейін оқ атылмайды. Израиль бұл шешімді БҰҰ және халықаралық гуманитарлық ұйымдармен талқылаудан кейін қабылдаған. Қазір Газа секторындағы гуманитарлық жағдай күрделі. Анклав тұрғындарына азық-түлік пен ауыз су тапшы.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу