Меккеге қажылыққа барған бірнеше адам аптап ыстықтан қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меккеге қажылыққа барған бірнеше адам аптап ыстықтан қаза тапты

17.06.2024

Меккеге қажылыққа барған бірнеше адам, аптап ыстықтан көз жұмды. Йорданияның сыртқы істер министрлігі, 14 азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Мұны «БиБиСи» хабарлады. Тағы 17 йорданиялық жоғалып кеткен. Ал «Ассоушиейтид пресс» агенттігінің хабарлауынша, Ираннан қажылыққа барған 5 азамат қайтыс болған. Сауд Арабиясында сынап бағанасы плюс 48 градусты көрсетіп тұр. Елдің ұлттық ауа-райы орталығы, аптап ыстық апта соңына созылуы мүмкін екенін және сақ болуды ескертті. Биыл Сауд Арабиясына қажылыққа қатысуға 1 млн 800 мың адам барған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу