Израиль әскері тактикалық үзіліс жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль әскері тактикалық үзіліс жасады

17.06.2024

Ал, Газа секторының халқыҚұрбан айтқа үй-күйсіз жетіп, аштық қаупіне душар болып отыр. Қарулы қақтығыс құрбандарының саны 37 мыңнан асып, 1,9 миллион адам үйлерін тастап кеткен. Соғыс кесірінен, құрбандыққа шалатын мал да, оны сатып алатын адам да азайған. Дегенмен, Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі операциясында «тактикалық үзіліс» жариялады. Бұл шешімнің мақсаты - 8 айдан бері атыс-жарылыстан көз ашпаған Газа халқына гуманитарлық көмек жеткізуге жол ашу. Жаңа режимге сәйкес, Рафах аумағында күн сайын сағат таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін оқ атылмайды.


Хабарламаларға жазылу