![Астанадағы 20 шақты көшенің атаулары өзгертілді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_12163.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанадағы 20 шақты көшенің аттары өзгертіліп, кейбіріне жаңадан атау берілді. Ономастика комитеті қала тұрғындарының пікірін, әрі тұлғалардың ұлтқа сіңірген еңбегін ескере отырып, осындай шешімге келді.
Бұрынғы Орынбор даңғылы – Мәңгілік ел атауын алды. Ал, бұған дейін Е10 деп көрсетілген көшеге осы Орынбор есімі берілді.
Жобалық атауы 23-31 көшесіне Кенен Әзірбаев есімі берілді. Хусейн бен Талал көшесі - Ұлы Дала даңғылы, Еңбекшілер көшесі - Әлихан Бөкейхан даңғылы атауын алды.
Нұрбек БЕКБАУ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадағы 20 шақты көшенің атаулары өзгертілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/19536/)