Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес үздіксіз жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес үздіксіз жүріп жатыр

18.06.2024

Өзбекстанда шегірткеге қарсы күрес күн-түн демей жүріп жатыр. Әсіресе, көрші елдермен, оның ішінде Қазақстанмен шектесетін аймақтарға ерекше көңіл бөлінуде. Зиянкестің таралу қаупі жоғары аудандарға қосымша техника жұмылдырылған. Жызақ, Науайы, Самарқан облыстары, сондай ақ, Қазақстанмен іргелес жатқан Қарақалпақстандағы алқаптар басты назарда. Химиялық өңдеу шараларымен қатар бақылау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінген. Өсімдік қорғау саласының өкілдері шекаралас өңірлерде жәндіктің таралу қаупін азайту мақсатында арнайы шараларды қолға алды.

Нодирбек Туфлиев, ШМ қарасты Өсімдіктер карантині және қорғау ғзи зертхана меңгерушісі:

Бүгінде сексеуіл бүкір шегірткесін жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жәндік күн сайын 50-60 шақырым ұшады, негізінен сексеуіл жапырағын жейді. Егіс алқаптарына зиянын тигізбеуі үшін химиялық өңдеуге бар күшті жұмылдырған жөн.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу