«EURO 2024»: ойын барысына шолу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: ойын барысына шолу

18.06.2024

Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының кешегі күні сенсацияға толы болды. Осалдау командалар мықтыларға қарсылық көрсетіп, жеңіп кеткендері де бар. 

Румыния құрамасы ЕУРОНЫ жеңіспен бастады. Украина командасымен болған ойын 3-0 есебімен аяқталды. Матчта Николае Станчу, Рэзван Марин, Денис Дрэгуш мергендігімен көзге түсті.

ЕУРОда сенсация тіркелді. Бельгия құрамасы алғашқы кездесуінде Словакияға есе жіберді. Матчтағы жалғыз жеңісті голды Иван Шранц соқты.

Төрешінің ысқыры шалынғаннан қос команда ойынды ширақ бастады. Франция құрамасының ойыншысы Килиан Мбаппе қапталдан пас асырған сәтте Австриялық қорғаушы өз қақпасына гол соғып алды. Матчтың 38 минутында таблодағы есеп 1:0 ге өзгерді.

Қалған уақытта екі команда қанша шабуылдағанымен нәтиже шығара алмады. Матч барысында допқа талас сәтінде Килиан Мбаппе жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды. Бұл кездесуге Австрия құрамасының Давид Алаба қатысқан жоқ. Ол жарақатынан кейін Еуро-ға қатыспайтыны белгілі болса да, Германияға өз командасын қолдауға келді.

Давид Алаба, футболдан Австрия құрамасының ойыншысы:

Иә, бұл матчта ұпай ала алмадық. Дегенмен, маған командамның ойыны ұнады. Біз Еуро-ның басты фавориттеріне қарсы жақсы ойнап шықтық. Шабуылда нәтиже шығарсақ, алдағы ойындарда ұпай аламыз деген ойдамын.

Енді Австрия келесі ойынын 21 маусым күні Польша құрамасына қарсы өткізеді.

Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу