Бұл Қырғызстанның Ноокен ауданында түсірілген кадрлар. Алапат сел жүріп, 10 жастағы бала қайтыс болды. Табиғи апатқа байланысты Ескі-Қошқор-Ата және Бостон ауылдарында 300 үйдің тұрғынын уақытша көшіруге тура келді. Сел Бішкек-Ош тас жолының 518-ші шақырымын да басып қалған. Дегенмен, соңғы мәліметке қарағанда, бұл автомагистраль кейіннен көлік қозғалысы үшін қайта ашылды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырғызстанның Ноокен ауданында сел жүріп, бір бала қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195382/)