Жетісу облысында жолда қауіпсіздік шаралары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жетісу облысында жолда қауіпсіздік шаралары күшейтілді

19.06.2024

Жетісу облысында соңғы бес айда 231 жол көлік оқиғасы тіркеліп, 39 адам көз жұмған. 340 азамат түрлі дене жарақатын алған. Ал жаз айларында оқиға жиілейді. Өйткені өңірдегі туристік нысандарға барушы қатары көбейеді. Сондықтан өңірдің тәртіп сақшылары күшейтілген режимге көшті. Полицейлер республикалық маңызы бар жолдарда патрульдеуді жиілетіп, жолда қабылдау акцияларын ұйымдастырып жатыр. Көлік жүргізушілерінің қан қысымы, денсаулығы тексеріліп, қажетті кеңес берілуде. Себебі кейбір азаматтар діттеген жеріне тез жету үшін көлікті демалмай тізгіндейді. Ал бұл жол көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі.

Жасұлан Байкенов, Жетісу облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:

Алматы-Өскемен республикалық тас жолында көптеген жол оқиғалары тіркелуде. Оның ішінде 60-тан астам азамат жол көлік оқиғалары салдарынан мерт болған. Бүгінгі акциямызды өткізу барысында азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол көлік оқиғасына жол бермеу, жылдамдықты асырмау, белгіленбеген жерде жолды өтпеу, тағыда басқа жол көлік оқиғаларының алдын алу.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу