Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы артты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Транскаспий бағыты бойынша жүк тасымалы артты

19.06.2024

Ақтау теңіз порты контейнерлерді ауыстырып, тиеу бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биыл мамыр айында портта 5 мыңнан астам контейнер ауыстырылып тиелген. Бұл порт тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Контейнерлер негізінен Қытайдан Еуропаға «Транскаспий халықаралық көлік бағыты» бойынша тасымалданады. Жалпы жыл басынан бері портта 15 мыңнан астам контейнер ауыстырылып тиелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда - 50 пайызға көп. Енді осы жұмысты бұдан да күшейту үшін Ақтау теңіз портында тамыз айында бірқатар заманауи техника іске қосылмақ.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу