Астаналық Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты. - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналық Бауыржан Қамалиев 30 тонналық әуе көлігін орнынан қозғап, рекорд жаңартты.

19.06.2024

Бұл ауыр атлет Бауыржан Камалиевтің бесінші рет әлемдік рекорд орнатуы. Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу департаментінің қызметкері, әділет подполковнигі Ұлттық ұлан авиациялық базасындағы салмағы 32 тоннадан асатын ұшақты орнынан жылжытты. Осылайша, палуан Қазақстан рекордтар кітабына енді. Сондай-ақ, ол 2023 жылы ресейлік спортшының әлемдік рекордын 400 келіге жаңартты. АН 74 ТК200 ұшағын сүйреген Бауыржан жаңа рекордты тіркеу үшін көп дайындалмадым, - дейді. Оның базалық спорт түрі – ауыр атлетика. Пауэрлифтингтен еліміздің спорт шебері. Ішкі істер органдарында 16 жылдан бері қызмет атқарып келеді.

Бауыржан Камалиев, ҚР ІІМ Әскери-тергеу департаментінің қызметкері, әділет подполковнигі:

Маған біздің Ішкі істер министрлігі ұсыныс жасады: «Бауыржан, полиция қызметкерлері атынан, жалпы министрлік атынан бір рекорд жасап жібер»,-деді. Осы рекордымды полиция күніне және министрлікке арнадым.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу