Senat Open шахмат турнирінің жартылай финалы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Senat Open шахмат турнирінің жартылай финалы өтті

19.06.2024

Шымкентте басталған Senat Open шахмат турнирінің жартылай финалына 25 адам өтті. Оңтүстік өңірдегі үздіктерді анықтау үшін Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда және Түркістаннан бас-аяғы 100 жеңіпаз жиналды.

Оған мәслихат депутаттары, облыстық және қалалық қоғамдық кеңестердің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты. Парламент сенаты мен Шахмат федерациясының бастамасымен өтіп жатқан турнирдің іріктеу кезеңі бірнеше қалада ұйымдастырылмақ. Жеңімпаздар тамыз айының соңында Астанада өтетін финалда бәсекеге түседі. Сайыста 200-ден астам адам бақ сынаспақ.

Раушан Сайлауқызы


Хабарламаларға жазылу