Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды

20.06.2024

Бұдан былай Мемлекеттік тілдегі отандық теле-радио бағдарламалардың апта сайынғы көлемі 60 пайыз болуы тиіс. Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» Заңға қол қойды. Құжатта бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, интернет-ресурстарды да, қамтитын «масс-медиа» деген жаңа әрі анағұрлым кең ұғым енгізілді. Мемлекеттік ақпараттық саясат жүзеге асырылатын Бірыңғай медиа платформа құру көзделген. «Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілді. Жарияланған ақпарат үшін журналистің жауапкершілігі 1 жыл ғана сақталады. БАҚ-тың сұратуларын қарау мерзімі 7-ден 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Сондай-ақ, Президент несие беру кезіндегі тәуекелдерді азайту, жаңартылған энергия көздерін пайдалану сияқты тағы бірнеше заңға қол қойды.

Оңғап Алпысбай


Хабарламаларға жазылу