Атырау облысында әйелін соққыға жыққан экс-әкім жазаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында әйелін соққыға жыққан экс-әкім жазаланды

20.06.2024

«Әйелін ұрды» деп айыпталған Атырау облысы Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимовқа 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Осы уақыт аралығында ол пробациялық бақылауда болады. Сондай ақ ол әйеліне 2 млн теңге көлемінде өтемақы төлеуі тиіс. Ал, облыстық Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бұрынғы бөлім басшысы 4 жылға сотталды. Оған кәсіпкердің ақшасын алаяқтық жолмен жымқыруға оқталды және өндірісте екі қызметкердің өлімін жасыру мақсатында тұлғаларды пара беруге итермеледі деген айып тағылды.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Хабарламаларға жазылу