Президент Қайрат Сарыбайды қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қайрат Сарыбайды қабылдады

20.06.2024

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отыр. Ақордада кеңестің бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдаған Мемлекет басшысы осылай деді. Кездесуде Қазақстанның төрағалығы аясында ұсынған бастамаларының жүзеге асу барысы жөнінде мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев бірлестіктің географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды. Кездесу соңында, Кеңес Хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.

Шерхан Жамбылұлы


Хабарламаларға жазылу