Грекияда орман өрті өршіді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Грекияда орман өрті өршіді

20.06.2024

Аптап ыстықтан Грекияда орман өрті өршіді. Ел астанасы Афинаға іргелес аймақта зәйтүн ағаштары отқа оранып, салдарынан қаланы көк түтін басты. Ламбрика, Китси елдімекендерінің тұрғындары оқшауланды. Екі күнде 41 орман өрті ауыздықталған. Бірақ, қауіп әлі сейілген жоқ. Синоптиктер жақын күндері ауаның температурасы 40 градустан асып, жел күшейіп, өрт одан да күшеюі мүмкін дейді. Былтыр Грекияда тілсіз жаудан 20 адам қаза тапқан.

Нұрсұлу Қасым


Хабарламаларға жазылу