Үндістанда аптап ыстықтан 5 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үндістанда аптап ыстықтан 5 адам қайтыс болды

20.06.2024

Үндістан астанасы Нью-Делиде аптап ыстықтан 5 адам қайтыс болды. Мұны «Таймс оф Индия» газеті хабарлап отыр. 20 миллион тұрғыны бар мегаполисте наурыз айынан бері 50 градус ыстық. Салдарынан, алып қалада ауыз су және электр энергиясының тапшылығы байқалған. Жалпы биылғы жаз бүкіл Азияда ыстық болып отыр. Ғалымдардың айтуынша, оған адам қолымен жасалған климаттық өзгеріс те себеп.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу