Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатында плей-оффқа шыққан алғашқы команда белгілі. Алаң иелері кешегі ойында Венгрияны 2:0 есебімен ұтып, доданың келесі сатысына жолдама алды.
«В» тобында жағдай шиеленісті. Әзірге Испания мен Италияда үш ұпайдан болса, Хорватия мен Албанияда бір-бір ұпай. Өйткені Хорватия құрамасы Албаниямен тең ойнады. Есеп 2:2. Лука Модрич бастаған жігіттер үшінші турда Италия құрамасымен кездеседі. «А» тобындағы Шотландия мен Швейцарияның кездесуі де тең есеппен аяқталды. Шотландия құрамасының көшбасшысы Скот Мактоминей матчтың 13-ші минутында жылдам гол соғып, командасын есепте алға шығарды. Ал ойынның 26-шы минутында Шотландия қорғаушыларының қателігін Джердан Шакири ұтымды пайдаланып, таразы басын теңестірді. Демек, төрт құраманың да плей-офф кезеңіне өтуге әзірге мүмкіндігі бар.
Йосиф Нитритич, Хорватия жанкүйері:
95-ші минутта гол кіргізіп алғанымыз өкінішті. Енді келесі кезеңге өтуіміз екі талай-ау. Себебі ол үшін Италия құрамасын жеңу керек. Біздің футболшылар үшін өте қиын сынақ болғалы тұр.
Қаракөз Тұрмағамбет
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«EURO 2024»: Алаң иелері плей-офф кезеңіне өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195492/)