«EURO 2024»: Топтық кезеңдегі екінші тур ойындары - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Топтық кезеңдегі екінші тур ойындары

20.06.2024

Бүгін футболдан Еуропа чемпионаты топтық кезеңіндегі екінші айналым жалғасын табады. Жанкүйерлер алдымен «С» тобындағы екі ойынды, одан кейін «В» тобындағы бір ойынды тамашалайды. Біздің уақытпен, кешкі сағат 17:50-де Словения-Сербия матчын «Qazsport» арнасы көрсетеді. Ал кешкі 21:50-де Дания мен Англия құрамалары кездеседі. Испания мен Италия арасындағы матчты «Qazsport»-тан да, Ұлттық арнадан да көре аласыздар. Ойынның басталу уақыты - 23:50.

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу