Түркістанда екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда екі баласын өлтірген әйел 15 жылға сотталды

21.06.2024

Түркістан қаласында екі баласын тұншықтырып өлтірген анаға қатысты сот үкімі шықты. Облыстық Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 30 жастағы келіншекті ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын орташа режимдегі түрмеде өтейтін болды. Айта кетейік, айыпталушы әйел Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы мектептердің бірінде бастауыш сыныбының мұғалімі болып істеген. Ол ауыр қылмысты күйеуіне ренжігені үшін жасағанын айтқан. Күйеуімен ұрсып қалғаннан кейін Түркістан қаласына барып, жалдамалы пәтерде 3 және 4 жастағы ұлы мен қызын тұншықтырып өлтірген.

Айнұр Әбілқасымқызы


Хабарламаларға жазылу