Мәскеуде дауылдан екі адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде дауылдан екі адам қаза тапты

21.06.2024

Бұл Мәскеуде болған «Эдгар» деген дауыл. Жауындатып соққан сұрапыл желден екі адам қаза тауып, ондаған тұрғын жараланған. Мұны Ресей төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Мегаполистің солтүстігінде бір адамның үстіне ағаш құлап, мерт болды. Ал екінші адам дауыл кезінде құрылыс алаңында құлап кеткен. Кеше ауа райы күрт құбылып, күн күркіреп, жауын құйып, алапат жел тұрған. Көшелер суға толды. Синоптиктер желдің күші 10 баллға жеткенін айтады.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу