Алматыда Шахматтан жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында қазақстандықтар 25 медаль иеленді. Оның 12-сі - алтын. 7 және 18 жас санатындағы ұлдар мен қыздар арасында өткен жарысқа 33 елден 650-ге жуық спортшы қатысты. Жас шахматшылар классика, рапид және блицте бақ сынасты. Ал қазақстандықтардың басты бәсекелесі болған Үндістан елі осы сайыста екінші орынды еншілесе, Ираннан келген спортшылар үштікті қорытындылады.
Айдана Қуантхан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азия чемпионатында жас шахматшылар 25 медаль еншіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195530/)