Адам ресурстарын дамыту төңірегінде тәжірибе алмасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Адам ресурстарын дамыту төңірегінде тәжірибе алмасады

21.06.2024

Түркі мемлекеттері ұйымы адам ресурстарын дамытуға баса назар аударуда. Бүгін Астанада 23-маусым халықаралық мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымының адам ресурстарын дамыту жөніндегі уәкілетті орган басшылары кездесті. Бүгінде Қазақстанда жеке сектордан кәсіби мамандарды тартудың жаңа тетіктері енгізілуде. Мемлекеттік қызметтен тыс кәсіби мамандарды дарыны мен қабілетін ескеріп жоғары лауазымдарға конкурссыз тағайындауға мүмкіндік бар. Ұйымға мүше елдерге Қазақстан осындай тәжірибесін ұсына алады. Ал Түркиядан туризм саласын дамыту бойынша үйренеріміз көп. Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері осы бағытта Түркияда біліктілігін арттырып жүр.

Дархан Жазықбай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Негізінде түптеп келгенде мақсатымыз Түркі мемлекеті ұйымының ішіндегі адами ресурстардың басын біріктіріп, адами ресурстардың жұмысын жандандыру және тәжірибе алмасу. Өзіміздің мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен олардың құзыреттілігін қабілеттерін арттыру.

Салим Атай, Түркия Республикасы Президенті жанындағы адами ресурстарды басқару офисінің президентін:

Жанағы айтып кеткен төрт топқа қатысты нақты жұмыстарымыз жасалды. Түрік елдері Президенттерінің шешімімен адами ресурстарды жетілдіру институты құрылайын, деп жатыр. Стамбул техникалық университетінде бір магистратура бағдарламасы ашылды.

Ғабит Ұзақбай


Хабарламаларға жазылу