Түркияда алапат өрттен 5 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркияда алапат өрттен 5 адам қайтыс болды

21.06.2024

Түркияның шығысындағы егістік алқабында болған алапат өрттен 5 адам қайтыс болып, 44 адам жараланды. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр. Қайтыс болғандар мен жараланғандардың барлығы дерлік қою түтінге тұншыққан. Диярбакыр және Мардин облыстарында түнгі оннан аса басталған өрт бірнеше ауылға да жайылып, тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілді. Өртті сөндіруге күннің ыстығы мен қатты жел кедергі болған. Ондаған гектар бидай мен жүгері алқаптары күлге айналды. Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер түні бойы арпалысып, жалынның бетін қайтарды. Бірнеше адамның өліміне алып келген өрттің нақты неден шыққанын анықтау үшін тергеу жұмыстарын бастады.

Айдос Әшім

Хабарламаларға жазылу