Мемлекет басшысы Киевте Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты тергеу амалдарын жіті бақылап отыр. Бұл жөнінде Президент кеңесшісі – баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті. Президенттің тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның құқық қорғау органдары қылмыстық істің мән-жайын анықтау үшін шұғыл шаралар жүргізіп жатыр. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарына күдіктілердің мекен-жайын анықтап, тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Қазақстан тарапы Украинаның құқық қорғау құрылымдарымен, оның ішінде Интерпол жүйесі бойынша бірлесе жұмыс істеуге дайын, - деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бас Прокуратура, аталған іске қатысты 18-ші маусымда сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу-жедел тобы құрылды. Бас прокуратура қылмыстық істі тергеу барысын ерекше бақылауға алғанын хабарлады.
Самал Қабышева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Киевте қастандық жасалған А.Садықовқа қатысты істі жіті бақылап отыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195557/)