Прокуратура 350 инвестордың мүддесін қорғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Прокуратура 350 инвестордың мүддесін қорғады

21.06.2024

Кәсіпкерлерге 12 мың негізсіз әкімшілік айыппұл салынған. Прокурорлар олардың барлығын алып тастады. Бұдан бөлек, 16 мыңнан астам заңсыз тексеруді тоқтатты. Бұл Президенттің тікелей тапсырмасы аясында бизнес өкілдерін түрлі кедергілерден қорғау мақсатында атқарылған нақты шаралар. Бұл жөнінде бүгін Бас прокурор Берік Асыловтың бизнес қауымдастығымен өткізген кездесуі барысында мәлім болды.

Жандос Өмірәлиев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

Бүгінгі таңда біздің назарымызда инвесторлардың 32 трлн теңгеден астам 700 астам жобасы бар. Олардың ішінде 6,4 трлн теңгені құрайтын 350 инвестордың мүдделері қорғалды. 

Прокуратура кәсіпкерлерді қолдау мақсатында жұмыстарын осы қарқынмен жалғасыра бермек. Кездесу соңында Берік Асылов облыс пен қала прокурорларына бизнес-қоғамдастық үшін «Ашық есік күндерін» өткізуді және түйіні тарқамай тұрған әр мәселені аз уақытта шешуді тапсырды.

Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу