EURO 2024: Украина футболшылары жеңіске деген жігерлік танытты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

EURO 2024: Украина футболшылары жеңіске деген жігерлік танытты

21.06.2024

Еуропа чемпионатының екінші тур аясындағы Словакия мен Украина матчының қорытындысы 1:2. Украина футбошылары жеңіске деген жігерлік танытты. Роман Яремчeк 80-ші минутта екінші голды салып, өз құрамасына маңызды үш ұпайды сыйлады.

Енді шамамен бір жарым сағаттан кейін Польша мен Аустрия құрамалары кездеседі. Ойынды «Qazsport»-тан тамашалай аласыз. Ал Нидерланд пен Франция футболшылары 23:50-де Лейпциг қаласындағы аренада шеберлік сынасады. Бұл кездесуді «Qazsport» және Ұлттық арнадан көре аласыз.


Хабарламаларға жазылу