Ақтөбе облысында дельтаплан пилоты қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында дельтаплан пилоты қаза тапты

22.06.2024

Ақтөбе облысында дельтаплан пилоты көктен құлап, қаза тапты. Оқиға Мұғалжар ауданы, Жарық ауылының аумағында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше қаза тапқан азаматтың жасы 43-те. Азаматтық қорғаныс авиациясы комитетіндегілер төтенше жағдайдың өндірістік жұмыс барысында болғанын айтты. Бұл оқиғаға қатысты Көлік министрлігі тарапынан арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Жақсыбек Кемал


Хабарламаларға жазылу