Қазыбек Нөгербек: Жас спортшылардың танылуына үлес қосқым келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазыбек Нөгербек: Жас спортшылардың танылуына үлес қосқым келеді

24.06.2024

20 жасында шахматтан әлем чемпионы атанған Қазыбек Нөгербек біздің арнаға эксклюзив сұхбат берді. Спортшымыз Үндістандағы әлемдік додада армениялық қарсыласын 5 сағат 10 минутта 11 турдан кейін 8,5 ұпаймен жеңген. Халықаралық рейтингідегі ұпайы 2520-ға жетіп, шахматтан үздік гроссмейстер атағын иеленді. Бұл жеңіс Әлем кубогына жолдама алып берді. Чемпион 10 жылдан астам уақыт бойы жаттықтырған бапкері Ержан Шәкеновке алғысын білдірді. Бүгінде Әлем чемпионы Астанадағы Спорт академиясында шахматтан педагог-жаттықтырушы мамандығында оқиды. Ел намысын қорғап, халықтың ыстық ықыласына бөленген спортшы Президенттің құттықтауын алған кезде қобалжығаның да жасырмады. Айта кетейік, бұл Қазыбектің алғашқы халықаралық жетістігі емес. Ол әлем чемпионаттарындағы алғашқы жүлдесін 2019 жылы Грецияда алып, 2022 жылы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында топ жарған болатын.

Қазыбек Нөгербек, шахматтан Әлем чемпионы, гроссмейстер:

Мен осындай жетістіктерге жетемін деп ойлаған жоқпын. Мен Қазақстанның абсолютті чемпионы болдым 10 жасқа дейін. Осыдан бастап бапкерлерім менімен өте көп жұмыс жасай бастады. Мен өте қатты қобалжыдым. Себебі бұл мен соңғы junior-лық жарысым. Осы жетістіктеріме қарап, басқа балалар осындай жетістіктерге жетуіне мотивация беріп, үлесімді қосқым келеді.

Аманкелді Спатаев, Қазыбектің әкесі:

Бір жастан бастап шашка, шахмат ойнап отыратынбыз үйде. Анасы Қазыбекті әртүрлі спорт секцияларына апарды.Бірақ біреуіде оған ұнаған жоқ. Сол шахмат орталығын кішкентай кезінен барады да, жабылғанша шықпай қояды. Индияға барғанда ол бар жан-тәнімен ойнады. Кейін қарсыласы тоқтата алмайтының ұғып, жеңілдім деп қолын берді. Сол кезде төбеміз көкке дейін ұшып кетті.

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу