Қара Ертіске бекіре жіберілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қара Ертіске бекіре жіберілді

24.06.2024

Шығыстағы Қара Ертіс өзеніне бекіре жіберілді. Балықтың бұл түрі 50 жыл бұрын өңірде болған. Алайда өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында Ертіске электр станциялары салынған соң бекіре біртіндеп құрып кеткен. Енді сол олқылықтың орнын толтыру үшін жоба жасалып, шабақтары арнайы тоғандарда өсірілді. Бұл жолы салмағы 1,5 келі болатын 500 бекіре жіберілді. Ғалымдар бекіре тұқымдас балықтар Зайсан мен Қара Ертіс өзенінің экожүйесі үшін де маңызы зор дейді. Ал өсім ретінде жіберілген бекіре облыстағы балық шаруашылықтарының бірінде өсірілген. Әзірше тәжірибе ретінде қолға алған жоба сәтті іске асса, мамандар бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра бермек.

Ерлан Сағидолшин, балық шаруашылығының жетекшісі:

Бұл балықтар жерсініп кетуі тиіс. Өйткені популациясы бойынша да Обь-Ертіс өзенінің балықтары болып табылады. СКЛ Бұл іс шара бір жолғы емес,жылда жалғасады деп сенеміз.

 Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу