Дағыстандағы теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дағыстандағы теракт салдарынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті

24.06.2024

Дағыстандағы террорлық акт салдарынан қаза тапқандардың саны 20-ға жетті, 17-cі полиция қызметкері. Барлығы 6 содырдың көзі жойылды. Оның ішінде Дағыстанның Сергокалин ауданының басшысы Магомед Омаровтың екі ұлы да бар. Сонымен қатар лаңкестердің қатарында еркін күрестен спорт шебері атанған Гаджимурад Кагиров болуы мүмкін. Республикада жедел штаб құрылды. Дағыстанда алдағы үш күн қаралы күн деп жарияланды. Айта өтейік, осы қайғылы жағдайға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты.

Сергей Меликов, Дағыстан республикасының басшысы:

Қаза болғандардың ішінде бейбіт тұрғындар да бар. Республикадағы жағдайды мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдары қатаң бақылауда ұстайды. Террорлық актіге қатысқандардың барлығы анықталады. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына ақшалай көмек көрсетіледі.

Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу