Оралда су тасқынынан дүние мүлкі бүлінген 1400-ге жуық саяжай тұрғынына 600 млн теңге өтемақы төленді. Қазір бағалаушылар белуардан су кешіп, саяжайдағы үй-үйді аралап жүр. Өйткені қала аумағындағы 10,5 саяжай учаскесінің 30 %-ы суда тұр. Жергілікті жерде мамандар тапшы болғандықтан, бұл іске Алматы, Шымкент, Қарағанды, Ақтөбе өңірінен 8 компания тартылды. Қазір қалада 50-ге жуық бағалаушы жұмыс істеп жатыр. Мүлік шығынын өтеу комиссиясына саяжайы жалғыз баспанасы деп танылған тұрғындардан 4500-ге жуық өтініш түскен. Егер мүлкі бүлінгені расталса, 150 айлық есептік көрсеткіш, яғни 553 мың теңгеге дейін шығын өтеледі.
Жандос Дүйсенғалиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:
Қазіргі таңда 1377 зардап шеккен тұрғынға өтемақы төленді. Бұл - шамамен 600 млн теңге қаржы. Өтемақының қаржыландырылуы - облыстық, жергілікті бюджеттен бөлінді. Бір айта кететін нәрсе - 150 АЕК толық төленеді деген сөз емес. Үйіндегі тұрмыстық техника, жиһаздың бар-жоғына орай қаражат төленеді. Және де нарықтағы құнына орай есептеледі.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралда саяжай тұрғындарының мүлік шығыны өтеліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/195636/)