Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен қаза тапқандар саны 22-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда зауыттағы өрттен қаза тапқандар саны 22-ге жетті

24.06.2024

Оңтүстік Кореяда литий батареяларын өндіретін зауыттағы алапат өрттен қаза тапқандар саны 22-ге жетті. Қайтыс болғандардың көбі - Қытай азаматтары. Мұны жергілікті өртпен күрес басқармасының өкілі мәлімдеді. Өрт аккумуляторлар сақталған қоймадан басталған. Оған не түрткі болғаны белгісіз. Қазір тергеу жүріп жатыр. Хвасон қаласындағы зауытта оқиға алдында бас-аяғы 102 адам жұмыс істеген. Жоғалып кеткен бір жұмысшы іздестіріліп жатыр. Ал жараланған сегіз адамның екеуі госпитальге ауыр халде түскен.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу