БҚО-да жол апатында үш адам жанып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҚО-да жол апатында үш адам жанып кетті

25.06.2024

Батыс Қазақстан облысында жеңіл көлік жүк көлігімен соқтығысып, үш адам жанып кетті. Оқиға Самара-Шымкент күре жолының бойында Теректі ауданы Аңқаты ауылының тұсында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесіне түйіскен. Салдарынан, джип автомобилі отқа оранды. Өрт сөндірілгеннен кейін салоннан үш адамның мүрдесі табылды. Тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу