Павлодарда 52 млн теңге айыппұл тіркелген автөкөлік анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда 52 млн теңге айыппұл тіркелген автөкөлік анықталды

25.06.2024

Павлодарда 52 млн теңге айыппұл тіркелген автөкөлік иесі ұсталды. Mitsubishi Outlander көлігін тәртіп сақшылары жедел-алдын алу шарасы кезінде тоқтатқан. Жол ережесін бұзғаны үшін мемлекетке миллиондап қарызы бар көлікті «Кибершериф» мобильді кешені автоматты түрде анықтап берген. Көлік айыппұл автотұрағына қойылды.


Болат Аманбай


Хабарламаларға жазылу