Жыл басынан 7 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жыл басынан 7 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.06.2024

Жыл басынан бері 7 мыңнан астам этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Олар елдің дерлік барлық өңіріне қоныстанды. Басым көпшілігі Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары, яғни еңбек күші тапшы аймақтарға орналастырылды. Қазақстанға келген қандастардың жартысы Қытайдан келген. Одан кейінгі орында - Өзбекстан, сондай-ақ, Түрікменстан, Моңғолия, Ресейден келген этникалық қазақтар да бар. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жалпы 1991 жылдан бері елімізге 1 135 700 этникалық қазақ оралған. 

Қаракөз Тұрмағамбет


Хабарламаларға жазылу