Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды

25.06.2024

Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Соның аясында режиссер Арслан Еуебердиевтің «Истарян» көркем фильмі көрсетілді. Туынды түрікмен халқының данышпаны Махтумкули Фраганың «Ат исларин» шығармасына негізделген. Мұнда ақынның құпияға толы шығармалары терең түсіндіріледі.

Айта кетейік, мұндай рухани шаралар елордадағы театр мен музейлерде, Ұлттық кітапханада да өтпек. Мақсат - екі ел арасындағы байланысты нығайту.

Ербол Әліқұлов, ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі:

Түрікмен халқының ұлы ақыны Махтумкули Фраганың 300 жылдығы аясында бұл іс-шаралар өтіп жатыр. Бүкіл Юнеско болып тойлап жатыр. Осындай мәдени шаралар екі жақта да болып тұрады. Біздің жоспарымыз бойынша күзде Қазақстанның Түрікменстандағы күндері өтеді. Біз де дайындаламыз, концерт өткізіп, көрме дайындаймыз.


Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу