«EURO 2024»: Албания құрамасы үшін чемпионат аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«EURO 2024»: Албания құрамасы үшін чемпионат аяқталды

25.06.2024

Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңі аяқталуға жақын. «В» тобындағы үшінші тур ойындары тартысты өтті.

Италия Хорватия ойынында шақпақ жейделі командаға келесі кезеңге шығу үшін жеңіске жету аса маңызды еді. Алайда ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, Италия плей-офф кезеңіне жолдама алды. «В» тобындағы Испания топтық кезеңдегі үш ойында да жеңіске жетті және өз қақпаларына гол өткізбеді.

Топтық кезеңде бір ұпайға ие болған Албания құрамасы үшін чемпионат аяқталды.


Ерсін Ерік


Хабарламаларға жазылу