Ресейде ғимарат өртеніп, 8 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде ғимарат өртеніп, 8 адам қаза тапты

25.06.2024

Мәскеу түбіндегі Фрязино қаласында 8 адам өрттен қаза тапты. Мұны ТАСС агенттігі хабарлады. Оның дерегінше, екі адам бұрынғы ғылыми-зерттеу институтының 8 қабаттық ғимаратынан секіріп кетіп мерт болған. Қалған алтауы төрт қабатқа тараған лапылдаған жалынның құрбаны болыпты. Өрттің нақты себебі әзірге белгісіз. Бірақ жергілікті ақпарат құралдарының дерегінше, бұл ғимараттың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі 2017 жылдан бері тексерілмеген екен.


Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу