Көшпенділер ойындарына Алтай қазақтары да қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындарына Алтай қазақтары да қатысады

25.06.2024

Қыркүйек айында Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Ресейдегі қандастар да қатысуға ниетті. Алтай республикасындағы қазақ ауылдары қазір қызу дайындық үстінде. Олар спорттың бірнеше түрінен бақ сынамақ. Сондай-ақ тоғызқұмалақтан кіл мықтылар сайысқа түседі.

Аймерген Есболұлы, Қосағаш ауылының тұрғыны:

Тек 12 кісі ойнайды деп айтты Астанада, одан артық болмайды. Сол 12 кісіні апарсақ деп дайындалып жатырмыз. Алтай республикасының күштілері барады. Біз алдымен турнир өткіземіз Қосағашта. Содан бірінші, екінші, үшінші категория бойынша жеңгендері барады.


Индира Бегайдар


Хабарламаларға жазылу