Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Мальтаның Сыртқы істер министрін қабылдады

25.06.2024

Мемлекет басшысы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы, Мальтаның Сыртқы, еуропалық істер және сауда министрі Иан Борчты қабылдады. Тараптар өзекті мәселелер мен ұйым аясындағы ықпалдастықтың жай-күйін талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевн қауіпсіздікке төнетін қазіргі сын-қатерлер жағдайында жоспарлы жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Сонымен бірге 2010 жылғы саммитте Астана декларациясында бекітілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан барлық тараппен тығыз ынтымақтастық жасауға ниетті екенін растады. Кездесу соңында Мемлекет басшысы екіжақты қарым-қатынасты нығайтуға және мемлекет аралық байланыстарға тың серпін беруге әзір екенін жеткізді.

Асылбек Данияр


Хабарламаларға жазылу