БҰҰ: Миллиондаған бала аштыққа ұшырап жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Миллиондаған бала аштыққа ұшырап жатыр

25.06.2024

Суданда миллиондаған бала ашқұрсақ өмір сүріп жатыр. БҰҰ-ның мәліметінше, 9 млн бала күн сайын тамақты жеткілікті мөлшерде жеп жүрген жоқ. 4 миллионға жуық жеткіншек тіптен аш жүруге мәжбүр. Көбі мектепке де бармайды. Елде қарулы қақтығыс ушыққан. Мұнда Судан армиясы мен «Шұғыл қолдау күштері» атты екі тарап арасында шайқас жүріп жатыр. Салдарынан, гуманитарлық жағдай нашарлады. Атыс-жарылыстан тұрғындарға қажетті гуманитарлық көмекті жетпей жатыр. «Би-Би-Си» -дің мәліметіне қарағанда, күзге таман Судан халқының 70 пайызына ашаршылық қаупі төніп тұр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу