БАҚ қызметкерлері мен блогерлерге гранттар бөлінеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БАҚ қызметкерлері мен блогерлерге гранттар бөлінеді

25.06.2024

Өңірлік БАҚ қызметкерлері мен блогерлерді қолдауға арналған бірнеше гранттық бағдарлама таныстырылды. Медиа дамыту қорының демеушілігімен өтіп жатқан шараның мақсаты - журналистерге қолдау көрсетіп, блогерлерге өздерінің тың идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беру. Ең бастысы елдегі ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету,-дейді ұйымдастырушылар. Гранттарға өтінім беру 30 маусымға дейін жалғасады.
Әсел Серікбаева, «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры бас директорының орынбасары: 
Бірінші, медиа тренерлерге арналған грант. Өңірлерге барып блогерлерді, журналистерді оқытады. Оның бірі, сыни көзқараспен қарау, медиа этика сияқты тақырыптар. Ал контентмейкерлерге келетін болсақ, оларда 7 тақырып бар. Оның барлығы біздің сайтта жарияланған. Қыр-сырын сол жерден білуге болады. 
Тәуірбек Бозекен

Хабарламаларға жазылу