Құлсарыда 118 кәсіпкерге 1 млрд теңгеден астам өтемақы төленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құлсарыда 118 кәсіпкерге 1 млрд теңгеден астам өтемақы төленді

25.06.2024

Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен 118 кәсіпкерге 1 млрд теңгеден астам өтемақы төленді. Техникалық зерделеу, шығындарды өтеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Бұған 13 бағалау компаниясынан барлығы 58 маман жұмылдырылған. Жалпы тасқын кезінде 300-ден астам бизнес субьектісі су астында қалған еді. Жауапты мамандар барлық жұмыстарды жуық арада толық аяқтаймыз деп отыр.

Нұрдәулет Жұмаситов, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары:

Жалпы 8,2 млрд теңге көлемінде шығын келді деп көзделген. ҚР Ұлттық экономика министрлігімен бекітілген ережеге сәйкес ағымдағы жылдың 10-шы желтоқсанына дейін құжаттар толық қабылданып бітеді деп отырмыз. Қыркүйекке дейін бітіретін шығармыз. 

Атырау қаласындағы тасқыннан зардап шеккен шаруалардың да өтініштері қаралып жатыр. Қазір комиссия бағалау жұмыстарын жүргізуде. Соколок каналын жағалай орналасқан 37 шаруашылық су астында қалған еді. Оның 31-і өтемақы алу бойынша өтініштерін тапсырған. Енді олар комиссия шешімін күтеді.

Нұрбек Есенқұлов, шаруа:

Өзімнің шаруа қожалығымнан 78 гектар мал азығы шөп қой енді, 37 гектар дәнді-дақылдар суға кетіп отыр егіліп дайын тұрған. Қазіргі кезде әкімдік тарапынан өтінімдер қабылданып, келген шығынды өтеп беруге комиссия құрылып, жұмыстанып жатыр. Бұйырса соның нәтижесін күтіп отырмыз. 


Хабарламаларға жазылу